2 қарашадағы саудада доллар арзандай түсті
Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,70 теңгеге төмендеп, 468,13 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 63,87 теңге (-0,27) болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 495,85 теңге, рубльді 5,05 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 468,1-470,9 теңге, еуро 495-499 теңге, ресей рублі 4,89-5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр.
2 қарашадағы саудада әлемдік мұнай бағасы көтеріле түсті.
Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің бағасы барреліне 85,49 доллар болды, бұл алдыңғы сессияның жабылу бағасынан 1,02%-ға жоғары.
Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) электронды саудада WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 1,08%-ға өсіп, барреліне 81,31 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript