Көкшетауда 1 млрд теңге бюджет қаражаты негізсіз жұмсалмақ болған
Сурет: Zakon.kz
Көкшетау қаласының прокуратурасы бюджет қаражатының 1 млрд теңгеден астамы негізсіз жұмсалуына жол бермеді.
Ақмола облысының прокуратурасы тексеру жүргізу барысында жергілікті атқарушы орган нарықты тиісінше талдамай, бағаны негіздеместен және жоғарылатылған баға бойынша трансформаторлық қосалқы станцияны сатып алу үшін 1 млрд. теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын бөлгенін анықтады.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.
"Қаражат басқа да әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталды. Кінәлі адамдар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды". Ақмола облысының прокуратурасы
Прокуратура осы бағыттағы жұмыс жалғасатынын айтты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript