Бірыңғай жиынтық төлемді осыған дейін төлеп қойған қазақстандықтар 2024 жылы не істеуі керек

Бірыңғай жиынтық төлем, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2023 17:50 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда бірыңғай жиынтық төлем жойылады. Бірыңғай жиынтық төлемді осыған дейін төлеп қойған азаматтар 2024 жылы не істеуі керек? Бұл сұраққа ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Комитет өкілдері бір жыл ішінде кірісі 4,1 млн теңгеден (1175 АЕК) аспаған, жеке тұлғаларға ғана қызмет көрсеткен азаматтар үшін осыған дейін бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілгенін еске салып өтті.

БЖТ 5 жылға (2019 жылдан 2023 жылға дейін) уақытша енгізілген және оны қолдану кезеңі 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.
"Осыған байланысты БЖТ төлейтін азаматтар 2024 жылдан бастап дара кәсіпкер болып, тиісті салық режимін таңдауы қажет. Мұндай азаматтар үшін ең қолайлы арнаулы салық режим "E-Salyq Вusiness" арнаулы мобильді қосымшасын пайдалана отырып, арнайы салық режимі болып саналады", – деп түсіндірді Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары.
Бұл режим мына тұрғыдан ыңғайлы:
  • дара кәсіпкер ретінде тіркеу салық органдарына бармай-ақ "E-Salyq Вusiness" арнаулы мобильдік қосымшасы арқылы жүргізіледі;
  • мобильді қосымша алынған кірістердің есебін автоматты түрде жүргізуге мүмкіндік береді;
  • мобильді қосымша арқылы бақылау-касса машинасының (БКМ) чегін алмастыратын мобильді қосымша чегі беріледі, тиісінше БКМ сатып алудың қажеті жоқ;
  • мобильдік қосымша Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салықты (табыстың 1%) және әлеуметтік төлемдерді есептейді (2023 жылға зейнетақы жарналары – 7000 теңге, әлеуметтік аударымдар – 2450 теңге, медициналық сақтандыруға жарналар – 4900 теңге).
  • декларация беру бойынша міндеттемелер жоқ.
Бұған қоса ведомство өкілдері пәтерді жалға беретін және БЖТ төлеген тұлғалар салықтарды дара кәсіпкер ретінде тіркеусіз төлей алатынын және жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00-нысан) жылына бір рет тапсыра алатынын ескертті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: