Биылдан бастап салықтар мен төлемдер бүтін теңгемен есептеледі

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2026 17:10 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық төлеуші салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді бүтін теңгемен есептей ала ма? Бұл сұраққа ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа Салық кодексінің 204-бабына сәйкес, салықтық есепке алуды жүргізу қағидалары айқындалған.

Қағидаларға сай, салық төлеуші (салық агенті) Салық кодексінде белгіленген тәртіппен және шарттармен есептеу әдісі бойынша салықтық есепті теңгемен жүргізеді.

"Осыған байланысты салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді есептеу кезінде тиынмен есептелген сомалар 1 теңгеге дейін дөңгелектеледі", – делінген жауапта.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында жаңа Салық кодексі мен салық-бюджет саясатына қатысты тапсырмалар бергенін хабаралаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: