Жаңалықтар тізбегі
0

Еңбек министрлігі: ең төмен жалақының артуы 1,8 млн адамның табысына әсер етеді

Еңбек министрлігі: ең төмен жалақының артуы 1,8 млн адамның табысына әсер етеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2023 10:37 Сурет: Zakon.kz
Елімізде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен жалақы мөлшері (бұдан әрі – ЕТЖ) 70 000 теңгеден 85 000 теңгеге дейін ұлғаяды. Осыған байданысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кей жағдайды түсіндіріп өтті.

Министрліктің дерегінше, ҚР Еңбек кодексіне сай, жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ЕТЖ-дан төмен болмайтын деңгейде қамтамасыз етуге міндетті.

"Нәтижесінде 85 мың теңгеге дейін жалақы алатын түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық саласында жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде бюджет саласындағы 350 мың қызметкердің ақшалай кірісі өседі". Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

  • Бірінші кезекте ЕТЖ арттыру "жалақысы төмен" қызметкерлерге қатысты болады.
  • Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ЕТЖ көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайды.

Еске салайық, ЕТЖ – еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт.

"Жыл сайын тиісті қаржы "Республикалық бюджет туралы" ҚР Заңымен белгіленеді", - деп қосты министрлік.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: