Қазақстанның ЕАЭО-дағы қарызы бір жылда 1%-ға жуық өсті – ЕЭК

Қазақстанның ЕАЭО-дағы қарызы бір жылда 1%-ға жуық өсті – ЕЭК, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2024 21:52 Сурет: Zakon.kz
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің сыртқы қарызы 2023 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 119,7 млрд доллар немесе 18% азайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметі бойынша, 2022 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда жалпы сыртқы қарыз Беларусьте (11,7%-ға) және Ресейде (26,8%-ға) азайды.

"Арменияда, Қазақстанда және Қырғызстанда қарыз өсті (тиісінше 9,5%, 0,8% және 8,2%)", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қазақстан мен Қырғызстанда сыртқы қарыздың секторлар бойынша өзгеруі көп бағытты болғаны хабарланды. Сыртқы қарыздың айтарлықтай өсуі банк секторында байқалды: Қазақстанда – 32,8%, Қырғызстанда – 36,2%. Төмендеді – Қырғызстандағы ақша-несие органдарының қарызы (48,7%-ға).

"Сыртқы қарызды халықаралық резервтермен жоғары жабу тек Ресейде ғана (176,5%) қамтамасыз етілген. Басқа мүше мемлекеттерде бұл көрсеткіш Қазақстанда 19,7%-дан Арменияда 27,3%-ға дейін ауытқыған. 2023 жылдың 1 қазанындағы жағдаймен салыстырғанда Өткен жылдың сәйкес күні Қырғызстан мен Қазақстанда халықаралық резервтердің сыртқы қарызға қатынасы төмендеді", - деп атап өтті ЕЭК.

Бұған дейін ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы бұйрығымен 2024 жылға арналған квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызының шекті көлемі бекітілген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: