ҚМА криптовалютамен жүзеге асырылған заңсыз операциялар байқалғанын ескертті

Криптовалюта, заңсыз операция, ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2024 18:50 Сурет: РИА Новости
Қаржылық мониторинг агенттігі жеке тұлғалардың криптовалютамен жүзеге асырылған заңсыз операциялары (сатып алу/сату, тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін есеп айырысулар, Р2Р арқылы операциялар) байқалатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Криптовалюта көбінесе алаяқтық, қаржылық пирамида және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату сияқты қылмыстарда қолданылады".Қаржылық мониторинг агенттігі

Осыған байланысты аталған агенттік Қазақстан аумағында:

  • қамтамасыз етілмеген сандық активтерді шығаруға (Bitcoin, Ethereum және т. б.)
  • қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымына (Bitcoin, Ethereum және т. б. арқылы өзара есеп айырысу)
  • қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер бойынша цифрлық активтер биржаларының қызметіне (қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді валютаға және валюталарды қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерге айырбастау жөніндегі қызметтер)тыйым салынғанын еске салады.
"Осы тыйымның бір ғана ерекшелігі бар – "Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) лицензиясын алған биржалардың қызметі. Сізде қызығушылық тудыратын барлық сұрақтар бойынша  ҚМА 14-58 Call-орталығына хабарласыңыз", делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: