Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда экспресс-жүктерді декларациялау жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды

Кеден қызметі, Алматы, экспресс-жүктерді декларациялау, пилоттық жоба , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2024 18:09 Сурет: ҚР Қаржы министрлігі
Алматы қаласындағы "Жетісу" кеден бекетінде 2024 жылдың 2 сәуірі мен 30 маусым аралығында "Кеден" ақпараттық жүйесінде экспресс-жүктерді декларациялау жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, егер бұл жоба сәтті аяқталса, алдағы уақытта барлық кедендік бекеттерде енгізіледі. Аталған жоба мемлекеттік органның қызметінде бюрократиядан арылту, экспресс-жүктерге кедендік декларацияны ұсынуды автоматтандыру, құжат айналымын жетілдіру және қысқарту, сондай-ақ бизнес-процесстерді оңтайландыру мақсатында жүргізіледі.

Қысқа уақыт ішінде жеке жүкқұжаттармен алушыға жеткізу мақсатында жедел тасымалдау шеңберінде тасымалданатын тауар экспресс-жүк ретінде саналады.

Пилоттық жоба шеңберінде "Кеден" ақпараттық жүйесінде экспресс-жүктер үшін жолаушылар кедендік декларациясын және экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны кеден өкілдері толтырады. Сонымен қатар мемлекеттік кірістер органдарының уәкілетті лауазымды адамдары оларды қабылдауды және өңдеуді жүзеге асырады.

Кеден өкілдерінің экспресс-жүктер үшін арналған кедендік декларацияға міндетті түрде қоса беретін құжаттарды қағаз түрінде бұрынғыдай ұсына алады.

 Пилоттық жобаның қатысушылары "Кеден" ақпараттық жүйесінде экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларация бойынша шығару және кедендік төлемдер мен салықтардың сомаларын есептен шығару үшін 106119 бюджеттік сыныптама коды қолданылуы тиіс.

 "Кеден" жүйесінде жұмыс істеу үшін Ұлттық куәландырушы орталықтың электронды цифрлық қолтаңбасы болуы шарт. Ақпараттық жүйе мына сілтеме бойынша қолжетімді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: