Жаңалықтар тізбегі
0

Мәдениет министрлігінің жоғары лауазымды қызметкері бағдарлама аясында бөлінген қаражатты қалтасына басқан

Мәдениет министрлігінің жоғары лауазымды қызметкері бағдарлама аясында бөлінген қаражатты қалтасына басқан, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2024 15:59 Сурет: ҚР ҚМА
Мәдениет және спорт министрлігі мұрағат істері және құжаттама комитеті төрағасының орынбасары, сондай–ақ IT-компанияның директоры "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген 105 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталмыш қаражат "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ақпараттық жүйені әзірлеуге бөлінген.

Қаражатты жымқыру "құжаттардың бірыңғай электрондық мұрағаты" ақпараттық жүйесін техникалық сүйемелдеуге бюджет ақшасын бөлу және аудару арқылы, компьютерлік технологиялар саласындағы терминологияны қолдана отырып, орындалған жұмыстарға қайта қосу арқылы жүзеге асырылғандығы анықталды.

Бұл ретте, техникалық тапсырманы мердігердің өзі әзірлеп, пайдалануға енгізді және кепілді техникалық сүйемелдеу бойынша міндеттемені қабылдады.

Алайда, комитет басшылығы орындалған жұмыстарға бюджет қаражатын бөліп, оны орындалған жұмыстардың жалған актілері бойынша АЖ әзірлеушісіне қайта аударды.

"Ұрланған ақша қаражаты қылмыстық шығу тегін жасыру және заңды айналымға енгізу мақсатында сенімді тұлғаларға ресімделген қымбат жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алуға бағытталған".ҚР ҚМА

Сот үкімімен сотталушылардан келтірілген залал сомасын өндіріп, әрқайсысына 6,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, бұрынғы мемлекеттік қызметші мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына және мемлекеттік наградалардан айырылды, ал мердігер компанияның басшысы 7 жыл мерзімге коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: