Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда банкроттардың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізілетін болады

Қазақстанда банкроттардың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізілетін болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2024 14:51 Сурет: Zakon.kz
Қаржы министрлігі борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу ережелері мен мерзімдеріне өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, құжаттың тақырыбы өзгерді, енді ол: "борышкер мен банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу ережелері мен мерзімдері".

Ережелердің өзі де жаңа редакцияда көрсетілген. Кейбір тармақтарға "банкроттар" сөзі қосылды.

Бұдан басқа, банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу тәртібі мен мерзімдерін белгілейтін жаңа тарау енгізіледі.

Банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг, мынадай көздерден:

  • салық есептілігі нысандарынан (жеке табыс салығы бойынша (240.00-нысан), жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы (250.00-нысан) және жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы (270.00-нысан), оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мүлік пен мүліктік құқықтардың болуы бөлігінде декларацияларда);
  • тіркеуші мемлекеттік органдардың деректер базасы (құзыреті шегінде);
  • кредиторлардың шағымдары мен мәліметтері бойынша борышкер банкрот деп танылғаннан кейiн үш жыл iшiнде мүлік, оның ішінде ортақ бірлескен меншіктегі мүлік туралы ақпаратты зерделеу және талдау жолымен жүзеге асырылады.

Банкроттың қаржылық жағдайының мониторингі үш жыл iшiнде мынадай ретілікпен:

  • 1-кезең – борышкер банкрот деп танылған күннен бастап жартыжылдық кезең өткен айдан кейінгі айда;
  • 2-кезең – банкроттың қаржылық жағдайына мониторингтің бірінші кезеңі жүргізілген күннен бастап бір жыл өткен соң;
  • 3-кезең – банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу кезеңі аяқталғанға дейін үш ай бұрын жүргізіледі.

Банкроттың мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде ортақ бірлескен мүлікті сатып алу фактісі:

  • мүліктің, оның ішінде шет мемлекеттерде тіркелген мүліктің болуы туралы ақпаратпен (салық есептілігі нысандарындағы мәліметтерге сәйкес (240.00, 250.00, 270.00 нысандары));
  • тіркеуші мемлекеттік органның банкротқа мүлікті тіркеу туралы ақпаратымен, оның ішінде:

- банкроттың мүлкіне және (немесе) активтеріне байланысты құқық белгілейтін құжаттарда (жылжымайтын мүлік, жер учаскесі, көлік, жарғылық капиталдағы үлесі);

- мүліктің және (немесе) активтердің қозғалысы туралы мәліметтермен (сатып алу-сату шарттары, сыйға тарту, кепіл, жалдау);

- зияткерлік меншік туралы мәліметтермен (өнер туындылары, шығармашылық және ғылыми әзірлемелер, ноу-хау);

- бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар туралы мәліметтермен расталады.

Жоғарыда көрсетілген мерзімдерде МКД бөлімшесі:

  • деректер мен құжаттарды жинауды жүзеге асырады;
  • алынған деректер мен ақпаратқа талдау жүргізеді;
  • мынадай құжаттардың бірін:

1. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының нормаларын сақтай отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша соттан тыс/сот арқылы банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін банкроттың мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде ортақ бірлескен мүлікті сатып алуы туралы қорытынды;

2. Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша соттан тыс/сот арқылы банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін банкроттың мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде ортақ бірлескен мүлікті сатып алу фактісінің болмауы туралы анықтама жасайды.

Жасалған Қорытындылар мен Анықтамалар туралы ақпарат осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес Қорытындылар мен Анықтамаларды есепке алу журналына енгізіледі.

Қорытынды 3 (үш) данада жасалады, бір данасы МКД бөлімшесінің номенклатуралық істерінде сақталады, екіншісі банкротқа, ал үшіншісі кредиторларға жасалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолданады.

Анықтама 1 (бір) данада жасалады және ДГД бөлімшесінің номенклатуралық істерінде сақталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: