Жаңалықтар тізбегі
0

Сақтандыру компаниялары жыл басынан бері қанша төлем жасады

Сақтандыру компаниялары жыл басынан бері қанша төлем жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2024 15:30 Сурет: freepik
Жыл басынан бері сақтандыру компанияларының қаржылық көрсеткіштері қалай өзгерді және қанша сақтандыру төлемдері жасалды. Zakon.kz материалында.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2024 жылғы маусымда сақтандыру төлемдері 26,5 млрд теңгені құрады. 2024 жылдың басынан бері сақтандыру төлемдері 145,0 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 24,8%-ға көп.

"Өсу, негізінен, қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің ұлғаюына байланысты".Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

2024 жылғы маусымда барлығы 109,1 мың төлем, 2024 жылдың басынан – 647,1 мың төлем жүзеге асырылды.

2024 жылғы маусымда сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 124,4 млрд теңгені құрады. 2024 жылдың басынан бері сақтандыру сыйлықақылары 669,4 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 36,0%-ға көп. Сақтандыру сыйлықақыларының өсуінің негізгі драйвері ерікті жеке сақтандыру сыныбы болып табылады.

2024 жылғы маусымның қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері негізінен бағалы қағаздар портфелінің өсуі нәтижесінде 2,8%-ға 2,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

"2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға – 73,1% (1,9 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 4,5% (119 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке – 5,1% (134 млрд теңге) тиесілі",- делінген хабарламада.

Сақтандыру ұйымдарының міндеттемелері сақтандыру резервтерінің өсуі нәтижесінде 2024 жылғы маусымда 3,4%-ға 1,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Сақтандыру ұйымдарының меншікті капиталы сақтандыру төлемдерінің ұлғаюы және аннуитет шарттары бойынша болмаған шығындар резерві есебінен 2024 жылғы маусымда 836 млрд теңгеге дейін 1,6%-ға немесе 13,4 млрд теңгеге ұлғайды.

2024 жылғы маусымда сақтандыру нарығы бойынша таза пайда сақтандыру және инвестициялық қызметтен алынған кірістер есебінен 37,3 млрд теңге болды (2024 жылдың басынан бері – 97,2 млрд теңге).

2024 жылғы маусымда жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 2 098 мың шартты құрады, бұл 2024 жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 7,6 %-ға көп.

2024 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 10 451 мың шартты құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 35,9%-ға артық. Негізгі өсім жазатайым оқиғалардан сақтандыру (2 147 мың шарт) және өмірді сақтандыру (579 мың шарт) бойынша шарттарға тиесілі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: