Жаңалықтар тізбегі
0

Жазда қандай шетел валюталары қымбаттады

Национальный банк РК, Нацбанк РК, национальный бюджет, экономика, базовая ставка, проценты, Казахстан , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2024 11:55 Фото: Zakon.kz
Жаздың үш айының қорытындысы бойынша шетел валюталары теңгеге қатысты қаншалықты өсті және қай елдің валютасы қымбаттады. Толығырақ Zakon.kz материалында.

ҚР Ұлттық банкінің ақпаратына сүйенсек, тамыз айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 481,61 теңгеге дейін 1,6%-ға әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 170 млн АҚШ долларынан 210 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 4,4 млрд АҚШ долларын құрады.

"Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін тамызда 546 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 12%-ын және күніне 26 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерді құрады. Ұлттық Банк Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде нарықтық бейтараптық қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын ұдайы және біркелкі сатуды білдіреді. Мұндай тәжірибе Ұлттық қордағы операциялардың валюта нарығына әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді". ҚР Ұлттық банкі

Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатында тамызда биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жалғастырды. Оның жалпы сомасы 223 млн АҚШ долларын немесе нарықтың жалпы көлемінің шамамен 5%-ын құрады.

"Үкіметтің "Қазатомөнеркәсіп" АҚ акцияларын Ұлттық қорға сатып алу туралы шешімін іске асыру аясында Ұлттық Банк шілде айында Ұлттық қордағы валюталық активтердің бір бөлігін Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтеріне сату жолымен конвертациялады. Нарықтық бейтараптықты сақтау және осы операцияны валюта нарығында көрсету үшін Ұлттық Банк шілденің ортасынан бастап сатып алынған көлемді біркелкі сатуға кірісті",- делінген хабарламада.

Тамызда аталған операция аясында Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтерінен сату көлемі 241,5 млн АҚШ долларын құрады. 2024 жылғы қыркүйекте алтын-валюта резервтерінен 230 млн АҚШ долларынан 250 млн АҚШ долларына дейін валюта сату күтілуде.

"Ұлттық Банк Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдеріне сай республикалық бюджетке трансферт бөлуге 2024 жылғы қыркүйекте Ұлттық қордан 900 млн АҚШ долларынан 1 млрд АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылуын күтеді. 2024 жылғы қыркүйекте БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру үшін 450 млн АҚШ долларынан 550 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатып алу күтілуде".ҚР Ұлттық банкі

Бұған дейін 4 қыркүйектегі Алматы және Астана қалаларындағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары жайлы ақпарат хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: