Зейнетақы жарналарын төлеу: 28 қыркүйектен бастап қандай жаңа өзгерістер күтіп тұр
Мәселен, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларында Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жиынтық төлем тапсырмаларымен электрондық түрде төлем жүйелері операторы немесе операциялық орталығы бекіткен хабарлар форматтарында аударылады.
Төлем тапсырмаларына сәйкес пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалар жөніндегі ақпаратты Мемлекеттік корпорация бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Мемлекеттік корпорация арасында жасалған келісімде белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жібереді.
Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерінде жаңа редакцияда 2024 жылғы 28 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін абзац жазылды:
"Кәсіптері еңбек жағдайлары зиянды өндірістердің, жұмыстардың, ондағы жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары өз қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын агенттер жұмыскердің кірісінен ай сайын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке жазады және БЖЗҚ-ға аударады".
Сондай ақ 2024 жылдың 28 қыркүйегінен бастап келесі өзгерістер күшіне енеді:
БЖЗҚ-ға төленуге тиіс міндетті зейнетақы жарналары Әлеуметтік кодекстің 249-бабында белгіленген мөлшерлемені міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектісіне қолдану арқылы осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген мерзімде есептеледі.
Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 26) тармақшасында көрсетілген әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары Әлеуметтік кодекстің 76-бабының 1-тармағына, 117-бабының 1-тармағына және 174-бабының 3-тармағына сәйкес осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген мерзімде ұсталады.
Бұл ретте балалары бар отбасыларға әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардан ұстап қалу атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жүргізілмейді.
Сонымен қатар, жаңа редакцияда 28 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін келесі тармақтар көрсетілген:
Мемлекеттік корпорация үш жұмыс күні ішінде деректемелерінде қате жіберілген міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлға үшін, сондай-ақ Әлеуметтік кодекстің 248-бабының 3 және 5-тармақтарында көрсетілген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған тұлғалар үшін қайтару себебін көрсете отырып, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын агенттің шотына қайтаруды жүзеге асырады.
Алдыңғы операциялық күні жүргізілген төлемдер (сомасы мен міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың саны) туралы үзінді көшірмені Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-ға күн сайын береді.
Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына қолма-қол ақшамен не қолма-қол емес тәсілмен екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырады, бұл ретте жарналарды аудару Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен, төлем жүйелерінің операторы немесе операциялық орталығы бекіткен хабарлар форматтарында, сондай-ақ төлем құжаттарында Мемлекеттік корпорация деректемелері, пайдасына жарналар аударылатын жеке тұлғалардың деректемелері (жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жарналар сомалары мен жарналар төленетін кезең ("ААЖЖЖЖ" форматында ай және жыл) көрсетіліп, жиынтық төлем тапсырмасы қалыптастырылып, әрбір ай үшін бөлек жүргізіледі.
Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы аудармаған жағдайда аудару осы тармақтың бірінші абзацында белгіленген тәртіппен жиынтық төлем тапсырмасын қалыптастыра отырып, әрбір ай үшін бөлек жүргізіледі.
Жеке практикамен айналысатын тұлғалар, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ Әлеуметтік кодекстің 248-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларының бірінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын өз пайдасына және өз жұмыскерлерінің және жұмыстарды орындауды (қызметтер көрсетуді) көздейтін азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасқан жеке тұлғалардың кірістерінен ұстап қалынған сомаларды аудару (қолма-қол ақшамен енгізу) кезінде төлем құжаттарында Мемлекеттік корпорацияның деректемелерін, өзі, жұмыскерлер және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасқан жеке тұлғалар туралы деректемелер мен мәліметтерді көрсетеді.
Бұл ретте жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін жеке практикамен айналысатын тұлғалардың, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің алатын табысы Әлеуметтік кодекстің 251-бабы 2-тармағында белгіленген мөлшерлер шегінде өздері айқындайтын сома болып табылады.
Агенттер кейіннен БЖЗҚ-дағы шартты зейнетақы шоттарына аудару үшін банктер арқылы Мемлекеттік корпорацияға жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аударады.
Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қолма-қол ақшамен банктердің кассаларына енгізген кезде ақшаны төлеу немесе аудару жөніндегі нұсқаулардың сомаларын аудару қолма-қол ақша енгізілген күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Банктердің Мемлекеттік корпорацияға ақша аударуы жиынтық төлем тапсырмаларымен электрондық түрде жүзеге асырылады.
Құжаттың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыз.
Қаулы 2024 жылғы 11 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін бірқатар абзацтарды есепке алмағанда, 2024 жылғы 28 қыркүйектен бастап күшіне енеді.