Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтарға онлайн ашылған депозиттер туралы маңызды мәліметтер ескертілді

Тенге, пенсия, пенсионный возраст, пенсионеры, деньги, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2024 16:08 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2024 жылғы 23 қыркүйекте онлайн түрде ашылған депозиттерге қандай сомада кепілдік берілетідігін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қор депозит ашу тек банктердің бөлімшелерінде ғана емес, олардың ресми мобильді қосымшалары арқылы да қолжетімді екенін атап өтті.

"Тікелей банк бөлімшелерінде ашылған салымдарға қандай сомада және тәртіпте кепілдік берілсе, онлайн түрінде ашылған банк салымдарына да сондай сомада және тәртіпте кепілдік беріледі". Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры

Таратылған ақпаратқа сүйенсек қазақстандық банктерде кепілдік сомасы депозиттердің түрі мен валютасына тікелей байланысты:

  • теңгелік жинақ салымдарға – 20 миллион теңгеге дейін,
  • теңгедегі өзге салымдарға, шоттарға және карточкаларға – 10 миллион теңгеге дейін,
  • валюталық шоттарға – 5 миллион теңгеге дейін.
"Қордың кепілдіктері әрбір қатысушы банк бойынша бөлек төленеді". ҚДКБҚ баспасөз қызметі

Салымшылар депозитті ашу барысында оның қандай маңызды талаптарын бар екендігін біліп қана қоймай, қандай сомаға кепілдендірілгені туралы ақпарат алу үшін, Қор банк клиенттері үшін жаңа мәлімдеме нысанын әзірлеп, қолданысқа енгізді.

"Енді әрбір салымшы Қордың жинақ ақшаны қалай қорғайтындығы (өтем төлейтіндігі) туралы ғана емес, кепілдік сомасын қалай дұрыс есептеу керектігін де алдын ала біледі. Салымшылар депозитті онлайн ашу барысында да тиісті ақпаратты ала алады: банктер әдетте нысанға қатысты сілтемені онлайн-сервистерде және ресми қосымшаларда орналастырады немесе ақпаратты депозит бойынша кешенді шартқа қосады".ҚДКБҚ баспасөз қызметі

Қосымша ретінде депозиттің нақты түрі бойынша негізгі ақпаратты көрсету банктер үшін міндетті болып саналады. Мысалы, жинақ немесе мерзімді салым бойынша негізгі мәліметтер Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) қаулысында заң жүзінде бекітілген.

"Біріншіден, банктің клиенті енді Қор кепілдіктерінің максималды сомаларын депозитті ашу барысында көреді. Екіншіден, сыйақы төлеу, ақшаны мерзімінен бұрын алу және депозиттің мерзімін ұзарту талаптары және басқа да маңызды ақпараттар алдын ала жазылуы тиіс. Бұл клиентке депозиттің өзіне қолайлы түрін таңдауға көмектеседі. Банк бұл маңызды мәліметтерді клиент банк шоты немесе салымы шартын жасасу барысында қол қоятын өтініштің немесе жекелеген құжаттың бірінші (негізгі, бастапқы) бетінен бастап көрсетеді (бұл құжаттар депозитті онлайн ашу барысында да қолжетімді). ҚНРДА қолдау көрсеткен ҚДКБҚ жаңа бастамасы қазақстандық салымшыларға байыпты қаржылық шешім қабылдауға және барынша артықшылық алуға мүмкіндік береді деп сенеміз". Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының Төрағасы Әділ Өтембаев

Егер депозит ашқан болсаңыз және ол қолданыста болса, Қорың ресми сайтында кепілдіктерді есептеуге арналған калькуляторды пайдалануға болады.

"Сонымен қатар депозиттер бойынша кепілдіктер туралы ақыл-кеңестер Қордың байланыс орталығының 1460 (қоңырау шалу тегін) қысқа нөмірі бойынша қолжетімді",- деп түйіндеді ҚДКБҚ баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қазақстанда неліктен юань бағамы өсуде екенін жазған едік. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: