Қаржылық мониторингке жататын күдікті операцияларды айқындаушы белгілер өзгерді

Ақша, күдікті операциялар, қаржылық мониторинг, бұйрық, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2024 17:49 Сурет: Zakon.kz
ҚР ҚНРДА-ның 2024 жылғы 24 қыркүйектегі бұйрығы бойынша қаржылық мониторинг субъектілерінің қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттарды және күдікті операцияны айқындау белгілерін ұсыну қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, түзетулер енгізілген мұндай операцияларға мыналар кіретіні нақтыланады:

  • Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді өндіріп, оны айналымға шығарумен айналысатын тұлғалармен жаңа қатынастар орнату кезінде ірі бастапқы депозит ашудағы операциялар.
  • Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді өндіріп, оны айналымға шығаруға айналысатын тұлғалардың белгіленген шектеулерді айналып өту мақсатында әртүрлі атаулармен бірнеше шот ашуы.

Сондай-ақ, қамтамасыз етілген цифрлық активтерді өндіріп, оны айналымға енгізумен айналысатын тұлғалар қаржылық мониторинг субъектілері болып табылатыны нақтыланады.

Бұрын құжатта цифрлық активтерді өндіру, олармен сауда-саттықты ұйымдастыру, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы сөз болған.

Бұйрық 2024 жылғы 8 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: