Тұлға немесе банк: Алаяқтардың есебінен алынған несиеге кім жауапты
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілі Дмитрий Акмаев интернет-алаяқтықпен күрес мәселесінде кейбір қазақстандықтар мемлекеттік органдардың қайсысы жауапты екенін білмейтіндігін атап өтті.
"Біз қаржы нарығына жауаптымыз. Мәселе мынада, біз банктер мен қаржы ұйымдарын реттей аламыз, олар үшін жаңа кедергілерді сақтай аламыз және біз мұны жүйелі түрде жасаймыз. Биылғы жылы біз түзетулердің үлкен блогы, несиелеу шекараларын қалыптастырдық. Өкініштісі, қателіктердің 99,9%-ын азаматтардың өздері жасайды", — деді спикер.
Сурет: Zakon.kz
Спикердің пікірінше, түзетулерді шегімен енгізіу керек, соған қарамастан халықты қорғау тетіктерін барынша ашық ету өте маңызды.
"Бүгінде түзетулердің үлкен блогын Президент әкімшілігі қарауда. Қазір талқыланып жатқан бастамалардың бірі – "салқындату кезеңінің" жұмыс барысы жайлы. Бұл қаржы институттарының жауапкершілігіне кіреді. Олар өз клиентін соңына дейін толық сүйемелдеп, оған толық ақпарат беріп, барлық қажетті шараларды қолдануы тиіс", деді ол.
Сурет: Zakon.kz
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы Марат Башимов модератор құқығында тұтынушылар құқықтары туралы заңды депутаттар ұсынғанын атап өтті. Оның пікірінше, банктер өзге елдердегідей барлығына жауапты болуы керек.
Сурет: Zakon.kz
Дмитрий Акмаев "салқындату кезеңінен" басқа, заңнама шеңберінде банктердің тікелей жауапкершілігін көздейтін түзетулердің үлкен блогы енгізілгенін айтты.
"Біз банктерден бірінші кезекте клиенттер үшін тәуекелдерді азайту үшін жан-жақты шаралар қабылдауын талап етеміз. Егер олар бұл шараларды қабылдамаса, онда жауапкершілік осы қарызды берген немесе осы аударымды жасаған қаржы ұйымына жүктеледі. Сондай-ақ, біз биыл басқа органдармен бірлесіп "Стопкредит" сервисін құрдық. Егер азамат тұтынушылық несие алуға тыйым салса артынша қаржы институты несие рәсімдесе, онда бұл тек қаржы институтының проблемасы. Егер несие немесе операция тыйым салынған кезде жүргізілген болса, онда мұндай әрекет банк жауапкершілігінде болады", – деп толықтырды Акмаев.
Екінші сессияны қорытындылай келе, модератор Дана Тоқмурзина мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл жолға қойылғанын атап өтті.