Kaspi.kz 48 елде Alipay+ арқылы QR-кодпен төлем жасауды іске қосты
Сурет: Kaspi.kz
Енді Kaspi.kz мобильді суперқосымшасы арқылы QR-кодпен тек Қытайда ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде төлем жасауға болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2024 жылдың сәуірінде Alipay+ серіктестігімен біз Қытай бойынша QR-код арқылы төлем жасауды іске қостық. Осы уақыт ішінде қазақстандықтар Қытайда саяхаттай жүріп, сатып алған зат ақысын Kaspi.kz мобильді суперқосымшасы арқылы төлеуге үйренді. Клиенттерімізден көптеген жағымды пікірлер алдық және Alipay+-пен бірге бұл серіктестіктің географиясын 48 елге дейін кеңейтуге шешім қабылдадық. Енді Kaspi.kz мобильді суперқосымшасындағы QR-кодпен қазақстандықтар Австрия, Германия, Ұлыбритания, Малайзия, БАӘ, Оңтүстік Корея, Жапония және әлемнің көптеген басқа елдерінде тауарлар мен қызмет ақысын төлей алады. Біздің серіктесіміз Alipay+-ке қазақстандықтардың саяхаттарын әлем бойынша бұрынғыдан да ыңғайлы етуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреміз. Әрбір клиентімізге бізбен бірге болғандарыңыз үшін рақмет!" Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі
"Kaspi.kz-ті әлем бойынша мобильді халықаралық төлемдерді дамытуда қолдағанымызды мақтан тұтамыз. Бұл компанияға клиенттеріне халықаралық төлемдерді ыңғайлырақ етуге және жергілікті сатушыларға жаһандық тұтынушыларды тартуға мүмкіндік береді". Эдвард Юэ, Ant International Оңтүстік-Шығыс Азия, Австралия және Жаңа Зеландия бойынша бас менеджері және жаһандық стратегиялық серіктестіктер жөніндегі өкілі
Елдердің толық тізімін Kaspi.kz мобильді суперқосымшасынан қараңыз. QR-код арқылы төлем жасау Alipay+ төлем жүйесінің логотипі белгіленген сауда-сервис нүктелерінде қолжетімді. Әлем бойынша Alipay+пен қабылдайтын елдер мен сауда нүктелерінің саны үнемі артып келеді.
48 елде сатып алған зат ақысын Kaspi QR көмегімен қалай төлеуге болатыны туралы толығырақ Kaspi.kz мобильді қосымшасының Гид бөлімінен оқыңыз.
Kaspi.kz туралы
Kaspi.kz миссиясы – клиенттер мен серіктестердің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтерді жасау.
Инновациялардың орталығында 14 миллионнан астам қазақстандық қолданатын Kaspi.kz мобильді суперқосымшасы тұр және елдегі жетекші электрондық коммерция, төлемдер және қаржылық қызметтер ұсынылған.
Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы қазақстандықтар тегін жеткізу арқылы тиімді онлайн зат сатып алады, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаражаттарын басқарады, әуе және теміржол билеттерін сатып алады, турлар рәсімдейді және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.
Kaspi.kz кәсіпкерлер үшін Kaspi.kz Kaspi Pay суперқосымшасын жасады, оны 700 мыңнан астам қазақстандық кәсіпкер пайдаланады.
Kaspi Pay қосымшасы арқылы кәсіпкерлер бизнесті дамытуға қаржы алады, төлемдерді қабылдайды, жарнамалық кампанияларды іске қосады, салық төлейді және электрондық коммерция мен жеткізу платформасына қосылып, бүкіл ел аумағында тауарларын сатады.
Harvard Business School Kaspi.kz туралы екі оқу материалын жазып, магистранттарға білім беруде қолданады. Kaspi.kz – 2024 жылдың қаңтарынан бастап Nasdaq америкалық биржасында акциялары орналастырылған ашық компания.
Alipay+ туралы
Alipay+ трансшекаралық мобильді төлемдер мен цифрландыруға арналған технологиялық шешімдер жиынтығы. Бұл шешімдер бүкіл әлем бойынша сатушыларды сатып алушылармен байланыстырады. Пайдаланушыларға төлемдердің жылдамдығы және шетелге сапар кезінде тауарлар мен қызметтерді төлеу әдістерінің алуан түрлілігі ұнайды. Шағын және орта бизнес Alipay+ цифрлық құралдарын пайдаланып, тиімділігін арттырып, көп арналы өсуге қол жеткізе алады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript