2025 жылы қазақстандықтардың зейнетақылары мен жәрдемақыларына бөлінетін қаржы көлемі белгілі болды

Тенге, деньги, финансовая пирамида, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2025 11:59 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған республикалық бюджет шығыстары 6 трлн 108 млрд-тан астам теңгені құрады, бұл 2024 жылғы шығыстардан 14 %-ға немесе 748,7 млрд теңгеге артық, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылғы 5 қаңтарда мәлімдеді.

"Көзделген шығыстардың 97,9 %-ы немесе 5 трлн 982 млрд теңгесі азаматтарға әлеуметтік төлемдерге бағытталатын болады. Оның ішінде 4 трлн 262 млрд теңге зейнетақымен қамсыздандыруға қарастырылған, бұл шамамен 2,5 млн зейнеткерді қамтуға мүмкіндік береді (саны 77,8 мыңға өскен), 1 трлн 720 млрд теңге – барлық жәрдемақыларды төлеуге, бұл шамамен 2,3 млн адамды қамтуға мүмкіндік береді".Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Ведомствоның ақпаратынша, қалған қаражат халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыруға, мүгедектігі бар адамдарды техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етуге, азаматтық қызметшілердің еңбекақысын арттыруға және т. б. бағытталатын болады.

"Қазіргі кезде республикалық бюджет қаражаты есебінен базалық және ынтымақты зейнетақыны қоса алғанда, әлеуметтік төлемдердің 41 түрі төленеді. 2024 жылы жәрдемақылар мен зейнетақыларды төлеуге 4,5 млн адамға, оның ішінде 2,4 млн зейнеткер мен 2,1 млн мемлекеттік жәрдемақы алушыға 5 трлн 261 млрд теңге жұмсалды",- деп еске салды министрлік.

Сондай-ақ, қабылдаған әлеуметтік төлемдер бойынша барлық міндеттемелер уақтылы және толық көлемде орындалатындығы атап өтілді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: