Ұлттық банк: БЖЗҚ активтерінің уақытша ауытқуы зейнетақы жинақтарының қауіпсіздігіне әсер етпейді

Национальный банк РК, Национальный банк Казахстана, Нацбанк РК, Нацбанк, Национальный Банк Республики Казахстан, НБК, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2025 13:36 Фото: пресс-служба Национального банка РК
ҚР Ұлттық банкінің Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Нұржан Нұрғазин БЖЗҚ-ны қаңтар-ақпан айларында шығынға ұшыратқан үш себепті атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түсіндірме бейнежазба Ұлттық банктің Instagram парақшасында жарияланды.

Оның айтуынша, бүгінде БЖЗҚ қорында 22 трлн. теңгеден астам қаражат бар. Бұл ақшаның 30%-ға жуығы валюталық активтерге инвестицияланған. Жыл басынан бері қордың кірістілігі 1,64%-ға уақытша төмендеді.

"Бірақ бұл "қаражат жоғалды" дегенді білдірмейді. Аталмыш көрсеткіш тек активтердің уақытша өзгерістерін көрсетеді. Төмендеуге бірнеше факторлар әсер етті. Біріншіден, мемлекеттің бағалы қағаздары арзандады. Яғни, оларға деген ұсыныс жоғарлап, бағаны түсірді. Бұл экономикалық заң",- деді ол.

Екінші себеп, теңге бағамының өзгеруі. Доллардың бағамы 525 теңгеден 499 теңгеге дейін төмендеді. Сондықтан валюталық активтердің теңгедегі құны азайды.

Келесі себеп, әлемдік нарықтағы тұрақсыздық. Кейбір шетелдік активтердің де құны төмендеді. Бұл, өз кезегінде, БЖЗҚ портфелінің кірістілігне әсер етті.

"Дегенмен, бұл нақты шығын емес, уақытша өзгерістер екенін түсіну керек. Жағдай тұрақталған кезде активтердің құны қайта өседі. Зейнетақы активтерінің табыстылығын қысқа мерзімде қарастыруға болмайды. Өйткені, олар ұзақ мерзімді инвестициялар. Кем дегенде бір жыл алу керек". Нұржан Нұрғазин

Бұл ретте, спикер 2024 жылы кірістіліктің 18%-ға жуық болғанын, ал инфляция 8,6% болғанын атап өтті.

"Айтып өту керек, Ұлттық банк зейнетақы активтері қауіпсіз болуы үшін тәуекелдерді ескеріп, қаражатты әртүрлі активтерге инвестициялайды",- деп түсіндірді ол.

Зейнетақы активтері жайлы барлық ақпаратты БЖЗҚ сайтынан көруге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: