БЖЗҚ-дан артық қаражатты алу: Ұлттық банк қазақстандықтарға кеңес берді

Пенсия, пенсионеры, пенсионер, пенсионный возраст, пенсионные накопления, пенсионные отчисления, пенсионный фонд, ЕНПФ, пенсионная система, накопительная пенсионная система, накопления, пенсионные выплаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2025 16:17 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан Ұлттық банкінің төраға орынбасары Берік Шолпанқұлов 2025 жылғы 25 желтоқсанда Сенат кулуарында БЖЗҚ-дан қаражат алудың неліктен тиімсіз екенін түсіндірді.

Берік Шолпанқұловтың айтуынша, Ұлттық банк зейнетақы жинақтарын сақтауды қолдайды.

"Біз, әрине, қаражаттың мүмкіндігінше аз алынғанын қалар едік. Бұл активтердің негізгі мақсаты – болашаққа жинақтау, яғни адам зейнет жасына жеткенде тұрақты зейнетақы төлемімен қамтамасыз ету. Ал егер адам жинақтағы артық қаражатты мерзімінен бұрын алып қойса, оның жалпы сомасы азаяды. Ұлттық банк ретінде біз бұл қаражат адамның қартайған шағында лайықты өмір сүруі үшін сақталғанын қолдаймыз", – деді ол.

Айта кетейік, 2025 жылғы 12 желтоқсаннан бастап Қазақстанда зейнетақы жинақтарын пайдалануға қатысты жаңа тыйым күшіне енді. Енді бұл қаражатты пластикалық операцияларға жұмсауға болмайды.

Сонымен қатар, БЖЗҚ қаражатын стоматологиялық қызметтерге пайдалану да уақытша тоқтатылды. Бұған зейнетақы жинақтарын жалған стоматологиялық ұйымдар арқылы заңсыз шығару фактілерінің анықталуы себеп болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: