КТС өссе, ипотекалық несие мөлшерлемелеріне не болады - Ұлттық Банк төрағасының жауабы

ипотекалық несие, КТС, сыйақы мөлшерлемесі, Ұлттық Банк төрағасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2025 17:53 Сурет: freepik
ҚР Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов 2025 жылғы 11 сәуірде өткен брифингте жаңа корпоративтік табыс салығы (КТС) енгізілген жағдайда ипотекалық несиелендіру бағытында банктер үшін қандай тәуекелдер туындауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Мәжіліс қарауындағы жаңа Салық кодексінде қарастырылған жаңа корпоративтік табыс салығын (КТС)  банктердің сылтау етіп, ипотека бойынша сыйақы мөлшерлемесін 25%-дан асырып жіберуін қадағалай алатын Ұлттық Банктің құзіреті бар-жоғын сұрады.

"Қазір біз жоғары мөлшерлеме жағдайындамыз, орташа қатаң ақша-несие саясатын ұстануға мәжбүрміз. 16,5% базалық мөлшерлеме кезінде, әрине, ипотекалық сыйақы мөлшерлемесі 20% және одан жоғары болады. Менің ойымша, мұндай мөлшерлеме нарықтық ипотекалық мөлшерлемелерге де сынақ іспетті. Сондықтан базалық мөлшерлеме төмендегенге дейін мемлекеттік даму институттарының ипотекалық бағдарламаларына сүйене тұру керек. 15-20 жылды қамтитын 20%-дық нарықтық ипотека орасан артық төлемді қамтиды, менің ойымша, тіпті жекелей қаржыға қатысты да белгілі бір тұрақсыздық тудыруы мүмкін", – деді Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, егер кейбір банктер белсенді түрде айналысатын болса, онда бұл олардың қаржылық тұрақтылығына қатысты сұрақтар тудыруы мүмкін.

"Біз, әрине, қаржы нарығының кез келген сегменттерінде, соның ішінде ипотекада бәсекелестікті дамытуды қолдаймыз. Бірақ, объективті және шыншыл болған дұрыс, қазіргі мөлшерлемедегі нарықтық ипотека - өте ауыр салмақ. Негізі, мемлекеттік бағдарламаларды пайдалану қажет", - деп сөзін түйіндеді ол.

2025 жылғы 9 сәуірде Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин КТС-тің өсуіне байланысты банк қызметтерінің қымбаттауы мүмкіндігін растады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: