Қазақстан бюджетіне қайтарылған мемлекеттік көмектің көлемі қанша: Ұлттық банк басшысы айтып берді
Фото: Zakon.kz
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 2025 жылғы 28 қарашада өткен брифингте қандай банктер мемлекеттік қолдау ретінде бөлінген қаражатты қайтарғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Тимур Сүлейменов бүгінгі жағдай бойынша мәліметтерді келтірді.
"Halyk Bank соңғы бір-екі жылда 250 млрд теңгені қайтарды. РБК толық қайтарды – кеше келісімді жаптық. Кеше 178 млрд теңге, ал жалпы есепте биыл 230 млрд теңге қайтарылды. Нұрбанк – шағын банк және оған берілген мемлекеттік көмек аз болды – 4,5 млрд теңгені қайтарды. Alatau City Bank өткен жылы 100 млрд, биыл 50 млрд теңге қайтарды", – деді ол.
Оның айтуынша, бюджеттен мемлекеттік қолдау ретінде алған қаражатты толық қайтарған банктердің қатарында Банк ЦентрКредит (BCC) те бар. Қайтарылған сома — 60 млрд теңге.
"Банктер соңғы бірнеше жылда 700 млрд теңгеден астам мемлекеттік көмекті қайтарды. Қазір "Нұр" банкінде қалған сома бар – банк шағын болғандықтан және айналымы үлкен емес болғандықтан, олар қаражатты мерзімінен бұрын кезең-кезеңімен қайтаруға келісті. Сондай-ақ Еуразиялық банк пен Alatau City Bank те толық қайтарып бітпеді", – деп түйіндеді Ұлттық банк басшысы.
Еске салайық, 2025 жылдың 7 наурызында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов банктерге әртүрлі бағыттар бойынша әр кезеңде 1,4 трлн теңге көлемінде мемлекеттік көмек бөлінгенін хабарлаған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript