Жоғары жалақы алатындар да салық төлейді. Вице-министр бұған кімдер жататынын айтты

Жалақы, жеке табыс салығы, Азамат Әмрин, түсініктеме, жаңа Салық кодексі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2025 18:35 Сурет: Zakon.kz
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Мәжіліс дәлізінде журналистерге жеке табыс салығының прогрессивті шкаласын қамтитын Салық кодексіндегі жаңа норма кімдерге қатысты екенін айтты. Осындай құжат бүгін Мәжілісте қабылданып, Сенатқа жолданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азамат Әмрин жалақы бойынша прогрессивті салық салымының мәнісін түсіндірді.

"Ол арадағы шкала сәл өзгешелеу. 33 миллион теңгеге дейін – 10%, 33 млн-нан асқандарға -15% болады. Иә, бізде жоғары жалақы алатындар бар, айына шамамен 3 миллион теңге. Салық есебінде келтірілген деректерге сәйкес, біздің елімізде 26 700-ге жуық жалдамалы қызметкер 3 миллион теңгеден астам көлемде жалақы алады. Бұл арада ай сайынғысы емес, жылдық көлем есепке алынады. Айталық, егер менің жалақым жыл бойында 33 миллион теңгені құраса, одан - 10%, ал одан асқандарға 15% салық салынады",  деп түсіндірді ол.

2025 жылы 30 сәуірде Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда жаңа Салық кодексін және салық салу мәселелері бойынша оған енгізілген ілеспе түзетулерді қабылдады. Құжат Сенаттың қарауына жіберілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: