Кірісін төмендетіп көрсеткен блогерлерге мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылады

Кіріс, салық, блогерлер, мәжбүрлеп өндіріп алу, Дәурен Темірбеков, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2025 18:15 Сурет: freepik
Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков 2025 жылғы 19 мамырда Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында өз кірістерін төмендетіп көрсететіндігі туралы хабарлама алған блогерлерге не болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, бүгіндері осындай сипаттағы хабарлама 850-ге жуық блогерге жолданған.

"Оның жартысынан азы – 360-қа жуығы 10,5 млрд теңге көлемінде өз кірістерін өз еркімен растады. Төлем 256 млрд теңгені құрайды. Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Өз еркімен төлегендері сонда - 360 болады. Енді біреулерінің мерзімі әлі келмеген шығар", - деді Дәурен Темірбеков.

Оның айтуынша, егер блогерлер төлем жасамаса, онда оларға қатысты мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылады.

Блогерлер туралы заң Қазақстанда 2023 жылғы 9 қыркүйекте қолданысқа енгізілді. Оған сәйкес, блогерлер кәсіпкер ретінде тіркелуге, сондай-ақ өз парақшасында жарияланған жарнамаларды белгілеп, таңбалауға міндеттеледі. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: