21 мамырдағы сауда барысында доллар бағамы төмендеді

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,04 теңгеге төмендеп, 510,59 теңге болды.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,36 теңгеге (-0,03) түсті.
Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 70,96 теңге (+0,01) болды.
Ақша айырбастау орындарында доллар 510,5-513 теңге, еуро 578,5-583,5 теңге, рубль 6,23-6,35 теңге аралығында сатылуда.
21 мамырдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы шілде фьючерстерінің құны 0,74%-ға өсіп, барреліне $66,26 құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнай фьючерстері шілде айына 1,47%-ға өсіп, барреліне 62,94 долларды құрады.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 511,59 теңге, еуроны 575,28 теңге, рубльді 6,33 теңге деп белгіледі.