Ұлттық банктің шешімі инфляциялық қысыммен байланысты-сарапшы

Налоги, пошлины, калькулятор, коммунальные услуги, квитанция, квитанции, налогообложение, налог, платеж, платежи, оплата, коммунальные услуги, коммунальные платежи, коммуналка, квартплата, коммунальный платеж, жилищно-коммунальные услуги, повышение тарифов за коммунальные услуги, долг за коммунальные услуги, задолженность за квартплату, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2025 16:15 Фото: pexels
Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады – реттеуші оны 16,5% деңгейінде сақтап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сарапшы Расұл Рыспамбетов бұл шешім қазіргі жағдайды ескере отырып, күтілген нәтиже болғанын атап өтті.

"Мамыр айындағы жылдық инфляция 11,3% деңгейінде болды, бұл сәуір айындағы 10,7%-дан сәл жоғары. Халықтың инфляциялық күтілімі бұдан да жоғары – 12%. Менің ойымша, негізгі факторлар – әлемдік азық-түлік бағасының өсуі және Ресей секілді серіктес елдердегі жоғары инфляция. Сонымен қатар Қазақстан инфрақұрылымға мемлекеттік инвестицияларды арттыру қарсаңында тұр, бұл да инфляциялық қысымды күшейтуі мүмкін. Ал бұл қатаң ақша-несие саясатын сақтауды талап етеді. Сондай-ақ тарифтерді еркіне жіберу де өз әсерін тигізіп отыр", – деді сарапшы.

Бұған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы жүргізген сауалнамаға қатысқан сарапшылардың басым бөлігі тұтыну бағалары индексінің үш ай қатарынан баяулағанына байланысты мөлшерлеме деңгейі сақталады деп күткен болатын.

Ал нарықтағы кейбір қатысушылар инфляцияны бақылауды күшейту, оны 2025 жылға жоспарланған 10–12% аралығында ұстап тұру және теңге бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мөлшерлемені сәл көтеріп, 16,75%-ға дейін жеткізу мүмкіндігін де жоққа шығармады.


"Инфляциялық күтулердің қайта қаралуына байланысты бір жылдан кейінгі базалық мөлшерлеме болжамы 15,75%-дан 15,5%-ға дейін төмендетілді. Осылайша, экономикадағы нақты мөлшерлеме 4,4%-ды құрауы мүмкін (бұған дейін – 3,95%), бұл теңгелік активтердің тартымдылығын арттырады", – делінген ведомство ақпаратында. 

Еске салайық, сәуір айында Ұлттық банктің Ақша-несие саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 16,5% деңгейінде, +/-1 пайыздық пункттік дәлізбен белгілеу туралы шешім қабылдаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: