Қазақстандықтар инфляцияның өсуін күтуде – Ұлттық банктің сауалнамасы нәтижелері

Аудит, расчет, аудитор, юридическая проверка, графики, график, экономика, предпринимательство, бизнес, инвестиционные контракты, договоры, инвестиции, инвестирование, рост экономики, экономический рост, график роста, графики роста, финансы, финансовый рост, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2025 16:49 Фото: pixabay
2025 жылғы мамырда халықтың бір жыл алға болжанған инфляциялық күтулері 14,1%-ға дейін өсті. Бұл қабылданған инфляция бағаларының жоғарылауымен байланысты. Сонымен қатар, тұтынушылық көңіл-күй жақсарғаны байқалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің халық арасында жүргізген инфляциялық күтулер сауалнамасының нәтижелері бойынша, бір жылдық инфляциялық күтулер құрылымында бағаның өсуі жоғары болады деген жауаптар үлесі артқан.

Сауалнама нәтижесінде, 2025 жылғы мамырда соңғы 12 айдағы қабылданған инфляцияның медиандық бағасы 13,5%-ды құрады (2025 жылғы сәуірде – 12,2%).

2025 жылғы мамырда азық-түлік бағасының өсуін атап өткен респонденттердің үлесі 79,1%-ға жетті (сәуірде – 77,8%). Сонымен бірге, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуін атап өткендер үлесі 8,9%-ға дейін төмендеді (сәуірде – 9,6%), ал ақылы қызметтер бойынша – 8,2%-ға дейін төмендеді (сәуірде – 9,4%).

Сондай-ақ, "тауарлар мен қызметтердің бағасы өте қатты өсті" деген пікірдегі азаматтар үлесі 40,4%-дан 38,2%-ға дейін азайды. Ал келесі айда баға "орташа өседі" деп күткендер саны 51%-ды құрады.

"2025 жылғы мамырда азық-түлік бағасының ішінде халық ең көп қымбаттаған өнімдер ретінде жеміс-жидектер мен көкөністерді, ет өнімдерін, ірімшік пен шұжықтарды атады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар ішінде дәрі-дәрмек, тұрмыстық химия, киім мен аяқ киім бағасының артқаны атап өтілді. Ақылы қызметтер арасында ең көбі тұрғын үй-коммуналдық қызметтер, интернет пен ұялы байланыс, медициналық қызметтер бағасының өскені айтылды",- делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, 2025 жылғы мамырда тұтынушылық көңіл-күй индексі 101,4-ке дейін көтерілді (сәуірде – 100,8). Елдің алдағы бір жылдағы даму перспективаларына берілген баға 6,3 пунктке өсіп, 111,9-ға жетті.

Алайда келесі бір жылдағы жеке материалдық жағдайдың өзгеруіне берілген баға 2,2 пунктке төмендеп, 111,4-ті құрады. Ал өткен жылдағы жеке материалдық жағдайдың бағасы 0,1 пунктке өсіп, 85,5-ке жетті. Үлкен сатып алуларға дайындық көрсеткіші де 0,9 пунктке өсіп, 97,8-ді құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: