Қараша айында қандай азық-түлік қымбаттады - халық арасындағы сауалнама
ҚР Ұлттық Банкінің халық арасында жүргізген сауалнамасына сәйкес, 2024 жылғы қарашада азық-түлік тауарлар өскенін атап өткен респонденттердің үлесі 68,2%-ға өсті (2024 жылғы қазанда – 64,6%). Сонымен бірге, азық-түлік емес тауарлардың бағасының өсуін атап өткендердің үлесі 13,4%-ға дейін (17,3%) төмендеді.
"2024 жылғы қарашада респонденттердің басым көпшілігі азық-түлік өнімдерінен – жеміс-жидек пен көкөніс, ет және сүт өнімдері бағасының өскенін атап өтті. Азық-түлік емес тауарлар құрылымында халық дәрі-дәрмек, киім мен аяқкиім, тұрмыстық химия қымбаттағанын көрсетті". ҚР Ұлттық Банкі
Ақылы қызметтер арасында респонденттер тұрғын үйкоммуналдық қызмет, медициналық қызмет, интернет пен ұялы байланыс қызметі бағасы өскенін жеткізді
Алдағы 12 айдағы халықтың инфляциялық күтулері әлі де құбылмалы: 2024 жылғы қарашада көрсеткіш қайтадан 14,1%-ға дейін өсті.
Сурет: ҚР Ұлттық Банкі
Соңғы айларда инфляциялық күтулер теңгенің номиналды айырбас бағамының өзгеруі және жылдық инфляцияның баяулау қарқынының тұрақтылығы төмендеуі аясында қалыптасып отыр. Бұл өз кезегінде халық күткен инфляцияның тегістелген көрсеткішінің тұрақтануына әсер етеді. Сонымен қатар, елдің даму перспективалары мен жеке материалдық жағдайға қатысты бағалаулардың төмендеуі есебінен тұтыну көңіл-күйі нашарлап отыр.
2024 жылғы қарашада 1 жылдан кейін күтілетін инфляцияның медианалық мәні1 14,1%-ға дейін өсті. Сонымен қатар, соңғы 12 айда сезілген инфляцияның медианалық мәні 13%-ға дейін өсті.
2024 жылдың қараша айында тұтыну көңіл-күйінің индексі 111-ге дейін төмендеді (2024 жылғы қазан – 114,7). Алдағы 5 жылға елдің даму перспективаларын бағалау 5,2 пунктке төмендеп, 101,8-ге жетті.
Сурет: ҚР Ұлттық Банкі
Бұдан бөлек, жеке материалдық жағдайдың алдағы бір жылдағы өзгеруін бағалау 3,7 пунктке төмендеп, 121,5-ке түсті.
Сондай-ақ, қазіргі жағдайды бағалауда соңғы жылы жеке материалдық жағдай көрсеткіші 5,3 пунктке төмендеп, 99,3-ке жетті. Ал қомақты қаржыға сауда жасауға дайын болу 8,9 пунктке төмендеп, 103,5 болды.
Бұған дейін қазақстандық мектептерде ерекше қызмет құрылымы пайда болатындығы хабарланған болатын.