Қазақстандықтардың пікірінше қаңтар айында қандай өнімдер қымбаттай түсті

Продукты питания, ярмарка, рынок, базар, цены на продукты , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2025 14:55 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылдың бірінші айының қорытындысы бойынша азаматтардың инфляциялық күтулері қалай өзгерді, сондай-ақ қандай азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуі байқалды. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Халықтың алдағы 12 айдағы инфляциялық күтулері әлі де құбылмалы. 2025 жылғы қаңтарда көрсеткіш 12,4%-ға дейін түсті, Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, бұған халықтың қазіргі инфляция деңгейін сезінуі төмендегені ықпал етті.

Алайда инфляциялық күтулер әлі де жоғары деңгейде, оған теңгенің номиналды айырбас бағамының өзгерісі әсер етіп отыр. 2025 жылғы қаңтарда 5 жылдан кейінгі күтілетін инфляцияның медианалық мәні 13,7% болды.

Бағаның өсуіне әсер ететін факторлардың ішінде респонденттер өткен тоқсанда атап өткен негізгі себеп – дүкендердегі азық-түлік бағасының өзгеруі. Сонымен қатар, валюта бағамының өзгеруін атап өткен респонденттердің үлесі айтарлықтай өсті. Сондайақ, олар жанар-жағармай бағасының өзгеруін де айтып кетті.

2025 жылғы қаңтарда азық-түлік бағасы өскенін айтқан респонденттердің үлесі 80,7%-ға дейін өсті (2024 жылғы желтоқсанда – 70,1%).

Сурет: Ұлттық банк

Сонымен қатар, азық-түлік емес тауарлар мен қызметтердің қымбаттағанын айтқан респонденттер үлесі 9,8%-ға (15,9%) және 6,3%-ға (11,5%) дейін азайды.

Респонденттердің 39,4%-ы тауарлар мен қызметтердің бағасы "өте жоғары көтерілді" деп есептесе, 49,2% қаңтардағы бағаның өсуін қалыпты деп санайды.

Ең қымбат өнімдер

2025 жылғы қаңтарда респонденттердің көбісі азық-түлік тауарларынан – жемісжидек пен көкөніс, ет өнімдері, ірімшік пен шұжық бағасы өскенін атап өтті. Азық-түлік емес тауарлардан тұрғындар – дәрі-дәрмек, киім мен аяқкиім, тұрмыстық химия бағасы көтерілгенін айтты. Ал, ақылы қызметтерден ең көп қымбаттағаны – тұрғын үйкоммуналдық қызметтер, интернет пен ұялы байланыс, сондай-ақ медициналық қызметтер.

Сурет: Ұлттық банк

2025 жылғы қаңтарда тұтынушылық көңіл-күй индексі 106,7 құрады. Бір жылдан кейін елдің даму перспективаларына қатысты бағалау төмендеді, бірақ сонымен бірге оң аймақта сақталды. Бес жылдық кезеңдегі баға 105,2-ге дейін өсті. Сонымен қатар, жеке материалдық жағдайдың алдағы бір жылдағы өзгеруі бойынша бағалар 6,7 пунктке төмендеп, 95,2-ке түсті, сол секілді қомақты қаражатқа сауда жасау мүмкіндігі де 7,2 пунктке төмендеп, 101,4 болды. Жалпы, респонденттердің 36,6%-ы алдағы 12 айда олардың материалдық жағдайы жақсарады деп күтеді, 33%-ы қандай да бір өзгерістерді болжамайды, қаржылық жағдайдың нашарлауын респонденттердің 13,7%-ы жоққа шығармайды.

Бұған дейін қанша қазақстандықтың зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алып үлгергендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: