12 маусымдағы сауда кезінде доллар бағамы айтарлықтай көтерілді

Доллар, доллары, тенге, обмен валют, обменник, обменники, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2025 15:43 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 12 маусымда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 3,45 теңгеге көтеріліп, 511,77 теңге болды.

Рубльмен сауда-саттық болған жоқ.

Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 71,14 теңгені (+0,51) құрады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 510,7-513,1 теңге, еуро 588,5-592,5 теңге, рубль 6,33-6,45 теңге аралығында сатылуда.

12 маусымдағы сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,4%-ға төмендеп, барреліне 69,47 долларды құрады.

West Texas Intermediate (WTI) мұнайының бағасы 0,3%-ға арзандап, барреліне 67,92 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 507,8 теңге, еуроны 580,82 теңге, рубльді 6,44 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: