16 маусымдағы сауда барысында доллар бағамы өсуді жалғастырды

Доллар, доллары, тенге, обмен валют, обменник, обменники, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2025 16:02 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 16 маусымда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,07 теңгеге көтеріліп, 512,44 теңге болды.

Рубльмен сауда-саттық болған жоқ.

Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 71,33 теңге (+0,27) болды.

Ақша айырбастау орындарында доллар 512,25-513,98 теңге, еуро 590,02-594,04 теңге, рубль 6,36-6,47 теңге аралығында сатылуда.

Әлемдік мұнай бағасы Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты күрт көтерілгеннен кейін біртіндеп төмендей бастады.

Brent маркалы мұнай баррелінің құны алдыңғы сессиямен салыстырғанда 0,48%-ға арзандап, 73,88 долларды құрады.

Бұл ретте West Texas Intermediate (WTI) мұнайының бір баррелінің бағасы 0,47%-ға арзандап, 70,97 долларды құрады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 511,92 теңге, еуроны 588,91 теңге, рубльді 6,44 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: