Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты мұнай бағасы қымбаттауы мүмкін

Reuters агенттігі инвесторлар мұнай бағасы күрт өсіп, геосаяси жағдайға байланысты нарықтар тағы тұралап қалады деп абыр-сабыр.
"Менің ойымша, таңертең қор биржасында мұнай бағасы өседі. Біз қирандылар мен шиеленіс ауқымын әлі дұрыс біліп отырғанымыз жоқ, яғни жағдай қалай ойысатынын бажалай алмаудамыз. Ол операция аяқталды деп мәлімдеді. Бірақ АҚШ қазір қақтығысқа тікелей араласты. Енді ары қарай не болады, бұл - белгісіз. Осы жайт инвесторларды алаңдатары сөзсіз. Ондайда нарықтар жабылады. Енді барлық америкалықтарға қауіп төнуі мүмкін. Бұл тұрақсыздық пен құбылмалылықты арттырады, әсіресе мұнай нарығында" - дейді Potomac River Capital-дың инвестициялық директоры Марк Спиндал.
Сарапшылар инфляцияның ықтимал өсімін негізгі қауіп-қатердің бірі ретінде атайды. Мұнайдың қымбаттауы тұтынушылық белсенділікті күрт төмендетіп, экономикадағы пайыздық мөлшерлемелерді түсіруді қиындатуы мүмкін.
"Бұл тәуекелдің жаңа, күрделі түрін үстемелеп, біз оны мұқият қадалауға мәжбүрміз. Оның энергия бағасына және жалпы инфляцияға әсер ететіні сөзсіз, деп атап өтті Cresset Capital-дың инвестициялық директоры Джек Аблин.
Маусым айының басынан бастап Brent маркалы мұнай 18%-ға қымбаттап, соңғы бес айда бір баррель құны 79 долларға дейін жетті. Сонымен қатар, америкалық қор нарығы, әзірге түр байқатпайды: S&P 500 индексі іс жүзінде бұрынғы деңгейінде қалып отыр.
2025 жылдың 22 маусымына қараған түні АҚШ Әскери-әуе күштері "Ирандағы үш ядролық нысанға, соның ішінде Фордо, Натанз және Исфаханға" шабуыл жасады. Трамп бұдан кейін Тегеран қақтығысты тоқтатуға келісуі керек деп санайды.