Отбасы банк салымшыларының депозиттері енді есептен шығаруға және бұғаттауға жатпайды

Отбасы банк, салымшылар, депозиттер, есептен шығару, бұғаттау, заң, жаңа норма, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2025 20:45 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Отбасы банк салымшыларының депозиттері енді есептен шығаруға және бұғаттауға жатпайды. Жақында банк салымдарын қорғауды көздейтін заңға Мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Тұрғын үй құрылысына, автомобиль жолдарына үлестік қатысу және мүгедек адамдарды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына сәйкес, енді Отбасы банкі салымдары үшінші тұлғалардың талап-арызынан қорғалатын болады. Атап айтқанда:

  • Отбасы банкі салымшыларының депозиттеріндегі бірыңғай зейнетақы төлемі;
  • аралық және алдын ала заемдар бойынша кепіл ретінде әрекет ететін депозиттер.

Бұл сот орындаушыларының кредиторлар ұсынған нотариустың атқарушылық жазбасы арқылы талап қоюы бойынша бұғаттауды немесе олардан қаражатты мәжбүрлеп есептен шығаруды жүргізе алмайтынын білдіреді.

"Бұрын кепілдегі депозиттерден сот орындаушылары қаражатты есептен шығарып алғанда банк клиенттері аралық немесе алдын ала заемдарды уақытында жаба алмай және тұрғын үй заемына мерзіміне сай көше алмай қалатын. Бұл өз кезегінде отбасыға түсетін борыштық жүктемені де арттыратын. Үшінші тұлғалардың талабы бойынша депозиттерден ақшаны есептен шығару салымшының тұрғын үй жағдайын жақсартуға да кедергі келтіретін", - дейді банктің баспасөз қызметі. 

 Бұған дейін Қазақстанда қай өңірлерінде және қай салаларында ең жоғары жалақы ұсынылатынын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: