9 шілдедегі сауда барысында доллар бағамы аздап төмендеді

Доллар, доллары, тенге, обмен валют, обменник, обменники, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2025 15:48 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 9 шілдеде сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,61 теңгеге төмендеп, 518,97 теңге болды.

Рубльдің орташа сараланған бағамы 6,63 теңге деңгейінде қалды.

Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 72,29 теңге (-0,14) болды.

Ақша айырбастау орындарында доллар 518,7-520,9 теңге, еуро 607-611 теңге, рубль 6,51-6,63 теңге аралығында сатылуда.

8 шілдедегі сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы көтерілуде.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қыркүйектегі Brent фьючерстерінің құны 0,60%-ға өсіп, барреліне 70,57 долларды құрады.

NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының тамыздағы фьючерстері 0,66%-ға өсіп, барреліне 68,78 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: