Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтыққа қатысты маңызды мәліметпен бөлісті

Қаржылық мониторинг агенттігі, алаяқтық, телефон, қоңырау, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2025 19:33 Сурет: gov.kz
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі өз аттарынан телефон шалушы алаяқтық фактілері жиілеп тұрғанын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚМА мәліметінше, агенттіктің Call-орталығына азаматтардан алаяқтық әрекеттерге қатысты келіп түсіп жатқан шағымдар саны артуда.

"Белгісіз тұлғалар өздерін ҚМА қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға олардың атына тіркелген "күдікті операциялар" туралы хабарлайды, "ресми өкілеттіктеріне" сілтеме жасап, қаражатты "қауіпсіз шоттарға" аударуға немесе жеке деректерін ашуға итермелейді", делінген ҚМА хабарламасында.

Алаяқтар көбінесе, мынадай схема бойынша әрекет етеді:

  • алдымен "агенттік қызметкері" ретінде қоңырау шалады,
  • кейіннен "Ұлттық банктің өкілі" ретінде тағы біреуі хабарласып, тәуекелдерді растағандай болады.
  • азаматтардың шағымдарында жиі кездесетін аты-жөндер – "Жалымов", "Жамалетдинов" және т.б.
  • деректерді беруден бас тартқан жағдайда, алаяқтар қорқытып-үркітуге көшеді.

Сондай-ақ, жалған мөрлер мен қолтаңбалар қойылған, "ҚМА қызметкерлерінің" атынан жіберілген жалған хаттар анықталды.

Бұған қатысты мынаны ресми түрде мәлімдейміз, біздің агенттік қызметкерлері:

  • ресми хабарлама жібермей, телефон арқылы жеке деректерді сұрамайды;
  • ақша қаражатын аударуды талап етпейді;
  • тек Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында әрекет етеді.

Call-орталық (1458) мамандарының жедел кеңесі арқылы шамамен 50 алаяқтық әрекетінің жолы кесілді.

Айта кетсек, 2025 жылдың 11 шілдесінде Астана қаласының Білім басқармасы оқушылар мен олардың ата-аналарын кейбір алаяқтық фактілерінен құлағдар етіп, ескерту жасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: