22 шілдедегі сауда барысында доллар бағамы қайтадан көтерілді

Доллар, доллары, курс доллара, американские доллары, доллары США, обмен валют , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2025 15:49 Фото: freepik
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 22 шілдеде сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,37 теңгеге қымбаттап, 531,96 теңге болды.

Рубльдің орташа сараланған бағамы 6,80 теңгеге дейін көтерілді (+0,02).

Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 74,01 теңгені (+0,23) құрады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 532,1-534,5 теңге, еуро 622-626 теңге, рубль 6,65-6,77 теңге аралығында сатылуда.

22 шілдедегі саудада мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қыркүйектегі Brent фьючерстерінің құны барреліне 68,61 долларға дейін 0,87%-ға арзандады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қыркүйектегі фьючерстері 0,89%-ға арзандап, барреліне 65,36 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 529,44 теңге, еуроны 617,06 теңге, рубльді 6,76 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: