5 қыркүйектегі сауда-саттықта доллар арзандады
Фото: Zakon.kz
Сауда нәтижесінде доллардың орташа өлшенген бағамы 537,91 теңгені құрап, 2,11 теңгеге төмендеді.
Рубльдің бағамы 6,61 теңгеге дейін (-0,04) төмендеді.
Қытай юанының орташа өлшенген бағамы таңертеңгі саудада 75,52 теңгені құрады (-0,13).
Валюта айырбастау пунктерінде доллар 538–540,5 теңге аралығында сатып алынып/сатылып жатыр. Еуро – 628–632 теңге, рубль – 6,51–6,63 теңге.
Әлемдік мұнай бағасы да 5 қыркүйектегі сауда-саттықта төмендеуде.
Атап айтқанда, ICE Futures биржасында қараша айына арналған Brent маркалы мұнай фьючерсінің бағасы 0,19%-ға төмендеп, барреліне $66,86 болды.
NYMEX тауар биржасында қазан айына арналған WTI мұнайының фьючерс бағасы 0,27%-ға төмендеп, барреліне $63,31 болды.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 540,05 теңге, еуро – 629,16 теңге, рубль – 6,65 теңге деңгейінде бекіткен болатын.