Демалыс күндеріне арналған валюта бағамдары: 20 және 21 қыркүйек
Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 19 қыркүйек күні сағат 17:00-де Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша кешкі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда нәтижесі бойынша доллардың сараланған орташа бағамы 541,34 теңге болып, 0,06 теңгеге өсті.
Еуро бағамы 636,98 теңгеге дейін төмендеді (-3,15 теңге).
Ресей рублі 6,49 теңгеге дейін төмендеді (-0,02 теңге).
Қытай юанінің таңғы саудадағы орташа бағамы 76,12 теңге болды (-0,08 теңге).
Валюта айырбастау пункттерінде долларды сатып алу – 541,7 теңге, сату – 543,8 теңге. Еуро – 636-641 теңге, Рубль – 6,41-6,53 теңге.
2025 жылғы 19 қыркүйек күні таңертең Ұлттық банк долларды ресми түрде 541,34 теңгеге, еуроны – 640,73 теңгеге және рубльді – 6,53 теңге бағалады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript