Әлем бойынша сиыр етінің бағасы: Қазақстанмен салыстыру

Ярмарка, рынок, базар, мясной цех, мясо, разделка мяса, цены на мясо, мясная продукция, стоимость мяса, мясной отдел, цена мяса, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2025 15:47 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Әлемдік ет нарығы – бұл баға мен тұтыну деңгейі тек экономикалық жағдайды ғана емес, сонымен бірге әр елдің мәдени ерекшеліктерін де көрсететін күрделі жүйе, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі сиыр еті бағасын салыстыра отырып, қаржылық жағдай мен өмір сүру деңгейінің өзіндік рейтингін жасауға болады. Бұл тізімде Қазақстан ерекше, тіпті парадоксалды орын алады.

GlobalProductPrices ұсынған сиыр еті бағасы бойынша әлемдік рейтингте көш бастаған елдерде бұл өнім нағыз деликатеске айналған.

Швейцария – көшбасшы: мұнда 1 кг сиыр еті 70,39 АҚШ доллары тұрады. Одан кейін Оңтүстік Корея – 60,65 доллар, үздік үштікті Гонконг – 51,44 доллармен аяқтап тұр.

Алғашқы ондыққа тағы мына елдер кіреді:

  • Норвегия – 44,16,
  • Жапония – 37,14,
  • Германия – 35,24,
  • Дания – 29,33,
  • Нидерланды – 25,42,
  • Таиланд – 22,52,
  • Швеция – 22,11 доллар.

Келесі қатарда:

  • Испания – 20,50 доллар,
  • Латвия – 19,06 доллар,
  • Қытай – 18,84 доллар,

Баға жағынан ең төменгі қатарда орналасқан елдер:

  • Парагвай – 5,61 доллар,
  • Нигерия – 5,35,
  • Замбия – 4,23 доллар.

Қазақстанның әлемдік баға картасындағы орны

Айта кету керек, бұл деректер нақты базар бағасы емес, жалпы бағыт-бағдар ретінде қарастырылады. GlobalProductPrices платформасы бағаны мемлекеттік статистика, сауда желілері, онлайн дүкендер, сондай-ақ БҰҰ-ның Азық-түлік ұйымы (ФАО) мен Дүниежүзілік банк деректерінен алады.

Осы мәліметтерге сүйене отырып, Қазақстанда сиыр етінің орташа бағасы 3 193 теңге, яғни қазіргі бағам бойынша 5,89 АҚШ доллары. Бұл Қазақстанды әлемдегі ең арзан ет сатылатын елдердің қатарына қояды – мұнда сиыр еті әлі де қолжетімді өнім саналады.

Көрші елдермен салыстыру

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстанның көршілері мен ЕАЭО елдерінде ет бағасы әлдеқайда жоғары:

  • Өзбекстан, Тәжікстан – 6 500 теңге,
  • Қытай – шамамен 8 000 теңге,
  • Ресей – 8 500 теңгеге дейін,
  • Түрікменстан – 9 000 теңгеге дейін,
  • Түркия – 13 000 теңгеге дейін.

Тіпті осы елдермен салыстырғанда да Қазақстан нарығы тартымды көрінеді.

Алайда ел ішінде де аймақтық айырмашылықтар бар: 2025 жылғы 18 қыркүйектегі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше:

  • Ең қымбат ет – Ақтауда – 3 500 теңге,
  • Ең арзан ет – Түркістанда – 2 850 теңге.

Инфляция және тұтыну деңгейі

ФАО-ның деректері бойынша, 2025 жылғы тамызда әлемдік ет бағасы тарихи рекордқа жетіп, 128 индекс пунктін құрады – бұл шілдемен салыстырғанда 0,6%-ға жоғары. Мұндай өсім АҚШ пен Қытай тарапынан жоғары сұранысқа байланысты болды. Бұл жаһандық үрдістер Қазақстанның ішкі нарығына да әсер етеді.

Бірақ Қазақстандағы басты ерекшелік – бағаның төмендігі емес, тұтынудың көптігі.

Energyprom деректеріне сүйенсек, 2024 жылдың үшінші тоқсанында: Жан басына шаққандағы барлық ет өнімдерін тұтыну – 20,5 кг, оның ішінде 6,3 кг – сиыр еті.

Бұл көрсеткіштер келесі елдерден әлдеқайда жоғары:

  • Ресей – 8,2 кг,
  • Қытай – 5 кг,
  • ЕО орташа – 9,2 кг,
  • ЭЫДҰ елдері – 13,8 кг.

Қазақстан бұл жағынан әлемнің етті ең көп тұтынатын елдеріне жақын:

  • Аргентина – 34,4 кг,
  • АҚШ – 24,7 кг,
  • Аустралия – 23,7 кг.

Биліктің ұстанымы: үкімет не дейді?

Қазақстанда сиыр етінің қымбаттауы халықтың назарын аудартты. Бұл жағдайға салалық министрліктер де жауап берді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің айтуынша:

Сиыр етінің өндірістік өзіндік құны – 2 800–3 100 теңге. Оған көтерме 15% үстеме қосылғанда – 3 403–3 500 теңге аралығында сатылуы қалыпты. Сонымен қатар, бөлшек баға ет бөлігінің сапасы мен санатына байланысты өзгереді. Себебі сиыр етінің тек 50–60%-ы ғана тағамға жарамды. Ал сұранысқа ие бөліктері – 15–20% көлемінде ғана және олар қымбатырақ сатылады.

Билік бағаның өсуіне екі негізгі себепті атады:

  • Әлемдік нарықтағы баға өсуі – сұраныстың артуы,
  • Көрші елдермен баға айырмашылығы – бұл еттің шекарадан тыс кетуіне түрткі болады.

Бұған дейін 2025 жылы қазақстандықтардың ақшаны қалай жұмсауда екенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: