Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда сиыр етінің бағасы түсе ме – экономика министрі жауап берді

Сиыр етінің бағасы, ет бағасы, қымбатшылық, экономика, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2023 12:16 Сурет: pixabay
8 қарашада Мәжіліс кулуарында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров журналистердің ет бағасына қатысты сұрағына жауап берді. Ол сиыр етінің бағасы қандай жағдайда төмендеуі мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Әлібек Қуантыров ет бағасы әр өңірде әртүрлі болуы мүмкін екенін атап өтті.

"Сиыр еті 2,5 мың теңгеден 4 мың теңгеге дейінгі аралықта сатылып жатыр. Базар мен супермаркеттегі баға да әртүрлі. Бірыңғай баға жоқ. Супермаркеттерде оралатын ет бар. Жәрмеңкеде немесе базарда сатылатын арзан ет бар. Жалпы баға төмендеуі мүмкін, мал басы көбейсе, ұсыныс көбейеді. Бірақ инфляция мен жем-шөп бағасының көтерілу мәселесі бар екенін ескеруіміз керек". Әлібек Қуантыров

Күні кеше Ауыл шаруашылығы министрі сиыр етінің орташа бағасы келісіне 2 485 теңге екенін айтты.

Статистика мамандарының мәліметінше, Қазақстанда бір жылда ет пен ет өнімдерінің бағасы 9 пайыздай өскен. Әсіресе сиыр еті қымбаттай түсті (+10,6%), жылқы етінің де қымбаттағанын байқауға болады (+7,3%).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: