Батыс Қазақстанда сиыр етінің бағасы шарықтады

Мясо, мясной цех, мясной отдел, мясной магазин, супермаркет, продукты питания, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2025 09:33 Фото: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысында сиыр етінің бағасы күрт қымбаттады. Қала тұрғындары нарықтағы бағаның мұншалықты өскеніне наразы болып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұнда бір килограмм сиыр еті орта есеппен 3500 теңгеге саудалануда. Astana TV мәліметінше, бұған дейін әп-сәтте сатылып кететін ет бүгінде бағаның күрт шарықтауынан сөрелерде өтпей тұр.

Жергілікті шенеуніктер халықты дүрбелеңге түспеуге шақырды. Олар жағдайдың уақытша екенін, жақын арада бағаның тұрақтанатынын айтты.

"Атырау облысын да, Маңғыстау облысын да етпен қамтамасыз етіп отырмыз. Өңірімізде 15 бордақылау алаңы бар, олар малдарды бордақылап, оларды экспортқа немесе ішкі нарыққа жібереді. Ешқандай жағдайда ет тапшылығы болмайды",-деп уәде берді Батыс Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Берік Ситқазиев.

Бұған дейін Қостанай облысында бірқатар алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен әйел ұсталғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: