Сиыр етінің бағасы әлем бойынша жаңа деңгейге көтерілді

Мясной цех, мясо, разделка мяса, цены на мясо, мясная продукция, стоимость мяса , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2025 11:25 Фото: Zakon.kz
Әлемдік нарықта сиыр етінің бағасы тарихтағы ең жоғары көрсеткішке көтерілді - 1 килограмм ет 7 АҚШ долларынан асты, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости мәліметінше, сиыр етінің құны соңғы бес ай қатарынан үздіксіз өсіп келеді. Қазан айында баға қыркүйекпен салыстырғанда 3%, ал өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда 17% жоғарылаған.

Нәтижесінде сиыр етінің орташа бағасы 7,1 долларды құрады — бұл 1960 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Мамандар бағаның қымбаттауын сүт өнеркәсібімен бәсекелестікпен байланыстырады: сүт өнімдерінің бағасы өскен сайын, шаруалар ет өндірісіне арналған мал санын азайтып жатыр.

Қосымша фактор ретінде АҚШ-та сиыр етіне деген импорттық сұраныстың артуы атап өтіледі. Әлемдегі ең ірі өндіруші әрі тұтынушы саналатын бұл елде биыл ет өндірісі төмендеген.

АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамына сәйкес, биыл елде сиыр еті өндірісі 12,2 млн тонна, ал экспорты 1,2 млн тонна болады деп күтілуде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда тиісінше 1% және 11% төмен. Негізгі себеп — ішкі нарықтағы жем-шөптің тапшылығы.

Сондай-ақ, биыл сиыр еті өндірісінің азаюы Еуропалық Одақта (-1%) және Аргентинада (-3%) да байқалуы мүмкін. Бұл өңірлерде пайда аздығы мен қолайсыз ауа райы жағдайлары мал басының қысқаруына әкеліп отыр.

Бұған дейін Грузиннің хачапуриі мен өзбектің тандыр наны әлемдегі ең үздік нан түрлерінің қатарына енгенін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: