Экономикалық қызмет түрлерінің жаңа жіктеуіші қашан және қайда шығады
Фото: Zakon.kz
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Амрин 2025 жылғы 25 қыркүйекте Сенаттағы брифингте жаңартылған Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) қайда жарияланатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның сөзінше, ведомство жаңа тізімді жақын жұма күні, 2025 жылғы 26 қыркүйекте жариялауды жоспарлап отыр.
"Ресми баспасөз хабарламасы болады. Ал тізімнің өзі "Ашық НҚА" порталында орналастырылады. Кез келген адам өз пікірін, ұсынысын қалдыра алады немесе: "Маған тізімді беріңіздер" деп жаза алады. Бұдан бөлек, жаңартылған тізімді Ұлттық экономика министрлігінің сайтында да шығарамыз. Бұл ертең немесе келесі аптаның басында болады", – деді Амрин.
Қандай қызмет түрлеріне рұқсат берілетіні, ал қайсысы тыйым салынатыны туралы сұраққа ол жауап бере алмады.
"Қандай қызмет түрлері (тізімде болады – Ред.) екенін қазір айта алмаймын, күтейік", – деп қосты вице-министр.
Кеше, 24 қыркүйекте, қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жаңартылған ЭҚЖЖ тізімі алдағы күндері жарияланатынын мәлімдеген еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript