2 қазан күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар арзандады.
Фото: Zakon.kz
Zakon.kz хабарлауынша, Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 15:30-да шетелдік валюталар бойынша күндізгі сауда аяқталды. Нәтижесінде АҚШ долларының орташа бағамы 546,96 теңгені құрады. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 1,95 теңгеге төмен.
Рубль бағамы 6,75 теңгеге дейін көтерілді (+0,09). Ал Қытайдағы мерекелік күндерге байланысты юань бойынша сауда болған жоқ.
Валюта айырбастау орындарында доллар 546,5–548,9 теңге, еуро 643–648 теңге, рубль 6,63–6,75 теңге аралығында сатып алынып/сатылуда.
Әлемдік нарықтарда мұнай бағасы да құбылуда. 2 қазан күнгі саудада Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қараша фьючерстері 0,72%-ға арзандап, баррелі 64,88 доллар болды. Ал Нью-Йорктегі NYMEX биржасында Light маркалы мұнай бағасы 0,31 долларға өсіп, баррелі 62,09 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 549,15 теңге, еуроны – 643,88 теңге, рубльді – 6,71 теңге деңгейінде бекіткен еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript