8 қазандағы сауда қорытындысы: доллар арзандауын жалғастырды
Фото: Zakon.kz
Сауда нәтижесінде АҚШ долларының орташа бағамы 540,06 теңгені құрап, тағы да 1,39 теңгеге төмендеді.
Рубль бағамы 6,60 теңгеге дейін (+0,04) көтерілді.
Қытайдағы мерекелік күндерге байланысты юань бойынша сауда өткен жоқ.
Айырбастау пункттерінде доллар 541,5–544,3 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда. Еуро – 627,5–632,5 теңге, рубль – 6,53–6,65 теңге шамасында.
Сол күні әлемдік нарықта мұнай бағасы да өсім көрсетті.
Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 0,54 долларға қымбаттап, 65,99 доллар болды.
Ал Нью-Йорктегі NYMEX алаңында Light маркалы мұнай баррелінің бағасы 0,57 долларға өсіп, 62,27 долларға жетті.
Таңертеңгі сессияда Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 541,63 теңге, еуроны – 632,24 теңге, рубльді – 6,61 теңге деңгейінде бекітті.