8 қазандағы саудада доллар өсімін жалғастырды

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 8 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,96 теңгеге көтеріліп, 486,44 теңге болды.
Ал юань бағамы 68,74 теңге болды.
Ақша айырбастау орындарында доллар 485,7-487,9 теңгеге, еуро 533,5-537,5 теңгеге, ресей рублі 5,01-5,11 теңгеге сатылуда.
Сонымен бірге, 8 қазандағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында желтоқсан айындағы Brent фьючерстерінің құны 1,88%-ға төмендеп, барреліне $79,41 құрады.
NYMEX электронды саудасында қараша айындағы WTI мұнай фьючерстері 1,97%-ға арзандап, барреліне 75,62 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 484,37 теңге, еуроны 531,06 теңге, рубльді 5,05 теңге деп белгіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript