Ұлттық банк қараша айында базалық мөлшерлемені қайта көтеруі мүмкін

Национальный банк РК, Национальный банк Казахстана, Нацбанк РК, Нацбанк, Национальный Банк Республики Казахстан, НБК, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2025 13:32 Фото: пресс-служба Национального банка РК
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов 10 қазан күні базалық мөлшерлеменің көтерілуіне қатысты өткен брифинг барысында қараша айында мөлшерлемені қайта арттыру мүмкін екенін жоққа шығармады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біз мөлшерлемені әрі қарай қатаңдатамыз ба? Егер қажет болса, иә, қатаңдатамыз", – деді Сүлейменов.

Оның айтуынша, егер инфляцияның қарқыны баяуламаса, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және ақша-кредит шарттарын ұстап тұру үшін мөлшерлемені тағы көтеруге тура келеді.

"Қараша айында бізде болжамдық раунд өтеді. Сол кезде барлық модельдер жаңартылып, экономикалық жағдайдың толық суретін көреміз", – деп атап өтті Ұлттық банк басшысы.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 1,5 пайыздық тармаққа көтеріп, 18% деңгейінде белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: