Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысындағы департаментінің басшысы тағайындалды

Шыңғыс Әнуарбеков, Мемлекеттік кірістер комитеті, Алматы облысы, департамент басшысы  , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2025 18:52 Сурет: gov.kz
Шыңғыс Әлібекұлы Әнуарбеков ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Қаржы және несие" мамандығы бойынша, 2003 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Заңгер" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек қызметін 1998 жылдан Алматы қаласының салық органдарында бастаған.

Салық инспекторы, бас маман, бөлім және басқарма басшысы, аудандық басқарма басшысының орынбасары, аудандық басқарма басшысы, сондай-ақ Жамбыл, Қостанай облыстары мен Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметтерін атқарған.

2022 жылдың шілде айынан бастап Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық тексерулерге қатысты қазақстандықтарға үндеу жасаған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: