Қазақстанда салық өтініші жаңа жүйе арқылы тапсырылатын болады

Салық, Қазақстан, өтініш, жаңа жүйе, Мемлекеттік кірістер комитеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2025 23:10 Сурет: Zakon.kz
Салық төлеушінің СӘИЖ жаңа кабинеті ел азаматтарына салық өтінішін өткізу мүмкіндігін ұсынады. 4 қарашадан бастап іске қосылатын өзгеріс туралы құзырлы ведомство ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа "Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесіне" (СӘИЖ) көшуге байланысты салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізуге байланысты ұсынылатын салық өтініші 2025 жылғы 4 қарашадан бастап Салық төлеушінің жаңа кабинетінде (СӘИЖ СТК) қолжетімді болатынын хабарлайды.

СӘИЖ СТК-не кіру үшін оған мына сілтеме арқылы өтуге болады.

"Сұрақтар туындаған жағдайда қолдау қызметінің knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайына хабарласа аласыз", делінген хабарламада.

Құзырлы мекеме СӘИЖ СТК жүйесінің функционалы іске қосылуына байланысты көрсетілген нысанды ескі СТК арқылы ұсыну мүмкіндігі бұғатталатынын да нақтылайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: