Астанада бірден үш жаңа автобус бағыты іске қосылады
Сурет: CTS
Астанада 29 қарашадан бастап бірден үш жаңа автобус бағыты іске қосылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
City Transportation Systems көлік компаниясының мәліметінше, 29 қарашадан бастап Астанада үш автобус бағыты іске қосылады.

Сурет: CTS
Атап айтқанда, олар:
- № 65 автобус – Болашақ көшесі – "Отау" ықшам ауданы;
- № 68 автобус – "Газмашаппарат" АҚ – "Бағыстан" тұрғын үй кешені;
- № 78 автобус – Ұлттық шұғыл медициналық үйлестіру орталығы – № 64 мектеп-лицейіне дейін.

Сурет: CTS
"Жаңа автобустар елорданың бірқатар маңызды нысаны арқылы жүреді. Мысалы, № 65 бағдар жаңадан ашылған Шаймерденов көшесімен қатынайды, № 68 бағыты "Бағыстан" тұрғын үй кешені қаланың оң жағалауымен байланыстырып, Әзербаев және Жұмабаев көшелерін қоғамдық көлікпен қамтамасыз етеді", делінген компания хабарламасында.

Сурет: CTS
Айта кетсек, 2025 жылы 27 қарашада Алматыда автобус жүргізушісіне жолаушы шабуылдағаны белгілі болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript